«Еуразия жүрегінде» атты кітапты оқуды ұсынамыз
Құрметті оқырман қауым! Қазақ елінің құтты қонысы, абыройымыздың айғағы, тәуелсіз мемлекетіміздің жүрегі болып табылатын елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын! Сіздерге Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде » атты кітапты оқуды ұсынамыз.
Елбасымыздың оқырман назарына ұсынған туындысы басынан аяғына дейін қазақтың жаңа Елордасы туралы. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітап 192 беттен, “Астана аңсары”, “Қала шежіресі” және “Елорда эстетикасы” деген үш тараудан тұрады. Бұл еңбек Президенттің соңғы 10-12 жыл ішінде қағазға түсірген жазбалары мен жекелеген күнделіктерінің жемісі.
Бұл жазбалар мен естеліктерде Елбасымыздың уақыттың сан алуан кезеңінде, түрлі сапарлар, тіпті шет мемлекеттерде жүргендері жазылып, әрдайым жас та жасампаз Елордамызға арналып отырған .
Кітап екі тілде (қазақ тілінде, орыс тілінде ) жазылған. Бұл кітапты http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1595743&lang=kk сайтынан оқи аласыздар.
#Nur-Sultan
#Otyrarkitaphanasy