+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Кедергісіз кітап»

«Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлерге «Отырар» қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасының қызметкерлері елдегі төтенше жағдай кезінде де өз оқырмандарына үйге кітап апарып беру қызметін тоқтатқан емес. Бүгін абонемент секторының қызметкерлері кітапханамыздың детектив жанрын сүйіп оқитын тұрақты оқырманымыз II топтағы мүгедек Надежда Ивановна Потешкина мен махаббат жайлы романдарды сүйіп оқитын I топтағы мүгедек Александр Владимирович Шмидтің отбасында болды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандардың өткізетін кітаптарын қабылдап, олардың сұраныстары бойынша жаңа кітаптарын табыстады.

#Отыраркітапханасы
#Кедергісізкітап
#Бізбіргеміз