+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Фараби - online

Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «Даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен: «Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым» деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбунасыр Әл-Фараби екен.
Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» аталатын кітабын оқып жүреді. Бір жолдасы: Бұл кітапқа неге сонша қадалып қалдың?– деп сұрайды. Сонда Әбунасыр: Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Сөйтсе де тағы оқып шығуым керек. Өйткені әлі толық ұғынып болған жоқпын – деп түсіндіреді. Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Мағынасын толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.

#Фарабиonline