+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«АЛТЫН ТҰҒЫР»

«Ауыл» Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қорына аймақтағы партия жұмыстарын үйлестірушісі Айша Керей кітапханаға «Алтын тұғыр» атты 3 томдық кітапты табыс етті. Кітаптарға қысқаша тоқталып өткен "Ауыл" партиясының өкілі, бұл кітаптардың Елбасының рухани жаңғыруы бағдарламасы аясында табысталып жатқандығын айта кетті. Директор К. Айдарбекова «Ауыл» Халықтық демократиялық партиясының жетекшісі Ә.Бектаев мырзаға және партия ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. «Ауылым – алтын тұғырым» шығармашылық бәйгесінде үздік танылған поэзия, проза, драматургия жанрындағы туындылар енгізілген үш томдық жинақ «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының колдауымен жарық көрген бұл еңбек оқырман қауымның қызығушылығын танытады деп ойлаймыз.