+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Серік Сағынтайдың «Көктемнің мөлдір тамшысы» атты кітабын назарларыңызға ұсынамыз

Құрметті кітап сүйер қауым!
«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры тағы бір құнды туындымен толықтырылғаны жайлы өздеріңізді хабардар етеміз. «Шабыт» Халықаралық фестивалінде жүлделі 1- орынды иеленген, «Зерде» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық жыр мүшәйрасының бірінші жүлдегері, ақын Серік Сағынтайдың «Көктемнің мөлдір тамшысы» атты кітабын назарларыңызға ұсынамыз. Автордың «Көктемнің мөлдір тамшысы» атты еңбегінде соңғы жылдары жазған суреткерлік шеберлігін жаңа бір қырынан танытқан әңгімелері мен хикаяттары топтастарылған. Автордың шындыққа өте жанасымды көріністерді бере алған әңгімелері шынайлығымен тартымды оқылады. Адам баласын толғандырып отырған әлеуметтік мәселелер астарлы тілімен жеткізіледі.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.