+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сәрсен Бек Сахабаттың «Әшекейсіз әңгімелер» атты кітабы баспадан шықты

Құрметті оқырман!

Ақын, әмбебап әдебиетші Сәрсен Бек Сахабаттың «Әшекейсіз әңгімелер» атты кітабы баспадан шықты. Кітапқа ақын Сәрсен Бек Сахабаттың әңгімелері, аудармалары, ой толғаныстары енгізілген. Кітап жазушы Мархабат Байғұттың «Өлең - өнердің өресі» алғысөзімен жарық көрді. Жазушы Зылиха Жантасова: «Жаныңыздың жауһары жазбаларыңызды баспадан шығарардай мұқият, жүйелеп дайындап кетіпсіз» деп қаламгермен сырласқандай күйде Сәрсен Бек Сахабат мұрасына арнайы тоқталады.
«Әшекейсіз әңгімелер» кітабына енген әңгімелер антикалық әңгімелер, нәзира әңгімелер, тарихи әңгімелер, ақ өлең-қара әңгіме, қала әңгімелері деп әдемі жүйеленген. Тарихтан терең сыр шертер, әшекейсіз шындықтан ой тербер кітаптың оқырман ықыласына бөленеріне бек сенімдіміз.