"Туған жер – алтын бесігім"
Облыстық "Туған жер – алтын бесігім" фестивалі аясында "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Түлкібас ауданының белгілі қаламгерлері – жазушы, "Алаш" сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мархабат Байғұт, сатираның сардары Әлібек Боранбайұлы, жазушы-сықақшы, "Қазақ әдебиеті" газетінің лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұхтар Шерім, жазушы Шынарбек Үсіпбайұлы сынды тұлғалармен кездесу кеші өтті.