"Шымкент қаласындағы кіші этностар"
1 мамыр - Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында құрастырылған "Шымкент қаласындағы кіші этностар" атты энциклопедиялық анықтамалықпен таныс болыңыздар! Энциклопедиялық анықтамалық 10 бөлімнен тұрады. Әр бөлімінде өлкеміздегі кіші этностардың тарихы, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, киімі, мәдениеті түгел дерлік қамтылған. Анықтамалық көпшілік оқырман қауымға арналған.
Анықтамалықтың электрондық нұсқасымен www.otyrarlib.kz. сілтемесі арқылы толық таныса аласыздар.