Құрметті оқырмандар!
Құрметті оқырмандар!
Шаһкәрім Құдайбердіұлы, Абайдан соңғы Дешті-Қыпшақтың ең көрнекті тұлғасы, ұлы ақыны ғұлама ойшылы, қайталанбас сазгері, озық аудармашысы һәм қоғам қайраткері. Бұл кітапта ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын таңбаланған. Шаһкәрімнің мол әдеби мұрасынан өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Ақынның өлеңдерінде, поэмаларында, философиялық ой-толғауларында бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар. Бір қаламгерге емес, бар ойшылға тән қамырық-қайғы бар. Бұл өлең өресін, өнер биігін айқындайтын биік меже. Бұл біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған биік жетістік. Шаһкәрім-Абайдан кейінгі ең танымал есім. Ақынның шалқар дүниетанымы, нұрлы жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік мақсаты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының арымайтын рухани биігі болып қала бермек.
Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады.
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=954481&lang=kk
#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ШаһкәрімҚұдайбердіұлы