Шойбек Орынбайдың «ҚАЙҒЫ ЗАМАН немесе ТӨЛЕ БИ ТАҒДЫРЫ» деп аталатын роман-дилогиясын оқуға шақырамыз
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Біз сіздерді жазушы, журналист Шойбек Орынбайдың «ҚАЙҒЫ ЗАМАН немесе ТӨЛЕ БИ ТАҒДЫРЫ» деп аталатын роман-дилогиясын оқуға шақырамыз. Қаламы қарымды қаламгер детектив жанрында тер төгіп, талай қызықты романдарымен де танылған. Шойбек Орынбайдың аталған кiтабында ұлтымыздың мемлекет болып қалыптасуындағы өте ауыр кезеңдерi қамтылған. ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ халқы тағдыр талқысына түскені белгілі. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға» ұшыраған ұлттың жойылып кету қаупi туды. Сол зар заманда атақты хандарымыз - Әз Тәуке, Әбiлқайыр, Абылай, кемеңгер билеріміз - Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, даңқты батырларымыз - Қарасай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Қойгелдi, Хангелдi, Елшiбек, Өтеген, Бөлек, Райымбек, орақ тiлдi жырауларымыз - Қожаберген, Ақтанбердi, Бұқар жыраулардың қазақ тарихында ойып тұрып орын алған тұлғалардың тағдыры суреттеледі. Екi кiтаптан тұратын романда тарихи деректермен қатар шежiрелiк аңыздар, танымдық ой - толғамдар қатар өрiлген. Автор бұрынғы би, шешендеріміздің толғамды ойларын да керемет бере білген. Қоғам қайраткерлері, жазушылар, жалпы зиялы қауым тарапынан аталмыш кітапқа жоғары баға берілген. Көркем тілмен бейнеленіп, ұшқыр оймен әдіптелген роман оқырман ойынан шығары сөзсіз.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.
#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#ШойбекОрынбай