+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Шөмішбай Сариевтің «Екі томдық шығармалар жинағын» электронды түрде оқуды ұсынамыз!

Құрметті оқырман!
Сіздерге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын – Шөмішбай Сариевтің «Екі томдық шығармалар жинағын» электронды түрде оқуды ұсынамыз!
Сезімін өлеңмен өрнектейтін көрнекті ақынның ән-өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше топқа бөліп сөз етуге болады. Олардың қатарында бірінші көзге түсетіні – Отан, ел, туған жер, ұлт, халық жөніндегі патриоттық әндер. Мұндай әндер тәуелсіз елдің өскелең ұрпағын Отанды, ұлтты сүюге баулиды. Шөмішбай Сариевтің шығармаларынан ғибраттық мәні бар асыл сөздерді көптеп кездестіруге болады. 101 өлең жазсам да, бір өлең үшін күрестім дейтін ақын өлеңінің құдыреті оны халқына таныта білген. Оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әр қазақтың жүрегінен орын алған «Домбыра», «Сәлем саған, туған ел!», «Айналдым сенен, атаменкен-ай» сынды ән - өлеңдері иісі қазақ жұртының әнұранына айналған. Сондықтан да ақынның өлеңдерімен тынас болыңыздар!

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1111145&lang=kk