«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі»
2017 жылдың 8 қыркүйек күні «Отырар» облыстық кітапханасының Өнер бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі» тақырыбында қайта даярлау курсы өткізілді.
Жиында мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету, Қазақстан Рсепубликасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, іс-қағаздары мен іс-қатынасхаттарды жүргізу, ресми құжаттарды жазу әдісі мен әдістемесі, мемлекеттік тілде ресми құжаттарды тіркеу жөніндегі мәселелері талқыланды. ОҚО қаржы басқармасы Нақты сектор саласын бюджеттік мониторинг жасау бөлімінің басышысы Е.Н.Бекмұратов мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау жайында дәріс оқыды.
Курстың негізгі мақсаты – жаңа кәсіби ортада табысты бейімделуі үшін тыңдаушылардың теориялық білімдері мен практикалық дағдылары мен мемлекеттік қызметшілердің одан әрі мансаптық өсуі үшін стимулын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің қайта жаярлау құқығын жүзеге асыру (қайта мамандану).