+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қуандық Түменбайдың «Өлілер мен тірілер» атты кітабын оқуға шақырамыз!

Құрметті оқырмандар!
Жазушы Қуандық Түменбайдың «Өлілер мен тірілер» атты кітабы 21 ғасырда дүниеге келген қазақ прозасында ойып тұрып орын алатын туынды. Бұл әңгімелер жинағына көптеген қазақтың қаймағы болған ақын -жазушылар, саясаткерлер, ұлы даналар мен халық батырларының сөздерін, іс-әрекеттерін болашақ ұрпаққа үлгі етіп, насихаттайтын деректі әңгімелер топтастырылған.
Кітаптың «Өлілер мен тірілер» деп аталуы себебі, кітап үш тараудан тұрады. Бірінші «Өлгендер қайтып келмейді» бөлімінде тәуелсіздік алғанға дейінгі белгілі адамдар мен ұлы даналардың әңгіме деректері суреттелсе, «Тірілер туралы сөз» атты екінші бөлімінде осы заманның батырлары жайлы сөз етіледі, үшінші бөлімі «Тура биде туған жоқ» деп аталады. Бұл кітапта қаламгердің барлық әңгімелері өте көркем суреттеліп жазылған, ұлт жанашырларының болашақ ұрпаққа қалдырар іс әрекеттері өте қызықты берілген. Автордың өрнекті тілі оқырманды баурап алады.
Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады.

http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1174912&lang=kk

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ҚуандықТүменбай