Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романын оқуға ұсынамыз
Құрметті оқырмандар!
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Сіздерге жазушы Тахауи Ахтановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған көлемді көркем шығармаларының бірі «Қаһарлы күндер» романын оқуға ұсынамыз. Ол қазақ прозасындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған алғашқы романдардың бірі. Романда Москва түбінде болған шайқас, сол үлкен ұрыс кезіндегі генерал Панферов басқарған дивизияның Отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі реалистікпен баяндалған. Төрт тараудан тұратын үлкен романның негізгі идеясы сыртқы жаудан Отанды қорғау. Осы идея романдағы барлық кейіпкерлерді қимылға келтіріп, соғысқа араластырып отырады. Романның бірінші тарауында белгілі дайындықтан кейін Панферов дивизиясының майдан шебіне аттануы, екінші тарауда жау күшінің басым келіп соғыс күшінің кейін шегінуі, үшінші тарауда жау қоршауында қалып қойған Мұрат батальонының қоршауды бұзып шығуы, төртінші тарауда Москва түбінде болған шешуіші айқас, сол айқас кезіндегі Ержан взводының ерлігі баяндалады. Осы арқылы жазушы Ұлы Отан соғысы жылдары Отанын сыртқы жаудан қорғап қалған жауынгерлерінің өлмес образын жасайды.
Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады.
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=442609&lang=ru
#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ТахауиАхтанов