ҰСТАМДЫЛЫҚ ТАНЫТУ ҚАЖЕТ
ҰСТАМДЫЛЫҚ ТАНЫТУ ҚАЖЕТ
Жаһандық індетті жеңу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.
Президент дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне, инфляцияның артуына байланысты тұрғындарға зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялау, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, мұқтаж жандарға тегін азық-түлік тарату аясын кеңейту, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Мұның барлығы коронавирус індетінің залалын тезірек жоюға әсер етеді деп толық сенім білдіреміз.
Әлемдік пандемиямен күрес қоғамның өзіне тікелей байланысты болмақ. Сіз бен біз болып, жаһандық қатер тудырған індетті жеңеміз деп сенеміз. Осы бағытта ұстамдылық таныту қажет.
Анар Жаппарқұлова, филология ғылымдарының кандидаты, "Отырар" қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасының басшысы, айтыскер ақын,