Фараби – online
Фараби – online
Әл-Фараби Бағдатқа келгенде оған Халифа Мұқтадид ибн-Муаффак әл-Биллах (892-902) былай деп сұрақ қояды: - Осы сені оқудың түбіне жетіпті деп естідім, сонда сен көп білесің бе, әлде Аристотель көп біле ме? Сонда Әл-Фараби: - Егер мен оның заманында өмір сүрген болсам, шүбәсіз оның үздік шәкірттерінің бірі болған болар едім, - деп жауап берген екен.
Туған жерден шалғайға жүріп, бар өмірін ғылым-білімге сарп еткен Әл-Фараби қартайған шағында өз елінің керуен-кіре тартып жүрген адамдарын кездестіріп қатты толқиды. Ел-жұрттың хал-жағдайын тәптіштеп сұрап, көңіл орнықтырған соң, қоштасарда өзінің жан серігі - «қыпшағи» деп аталатын музыкалық аспабының бетіне:
«Айналайын атам қыпшақ,
Туған жерім, сағындым.
Өз атыңа, үрметіңе
Қайда жүрсем табындым!» - деп жазып, туған жері мен еліне сәлемдеме белгі ретінде беріп жіберген екен дейді.
#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#Фарабионлайн
#Бізбіргеміз