+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қасым Қайсеновтың «Жау тылында» атты кітабының электронды нұсқасын оқуға шақырамыз

Құрметті оқырмандар!
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Сіздерді үйлеріңізден шықпауды және осы сәтті пайдалана отырып, әдебиет әлеміне назар аударуыңызды өтінеміз. Біз сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай, Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник Қасым Қайсеновтың «Жау тылында» атты кітабының электронды нұсқасын оқуға шақырамыз. Кітапта екінші дүниежізілік соғыс кезіндегі жау тылындағы партизандардың фашистерге қарсы жасаған ерен ерліктері суреттеледі. Жеңіс күнін жақындатуға барын салған жаужүрек жауынгерлердің қатарында қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсенов те болған. Украина және Белоруссия жерінде жауға тойтарыс берген қазақтың халық жазушысының жау тылында өткен өмірі сұрапыл оқиғаларға толы. Кітапта батырдың басынан кешкен оқиғалары, өмір мен өлімнің арасында арпалысқан кезендері баяндалады.Сондай – ақ кітаптың бір тарауы Украин партизандарының ақсақалы, халық соғысының қаһарман басшысы генерал-майор Сидор Артемьевич Ковпаққа арналған.
Шығарма оқырманды өзіне баурап алады.
Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады.

http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=107047

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ҚасымҚайсенов