+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҰЖЫМДЫҚ ZOOM-КОНФЕРЕНЦИЯ

ҰЖЫМДЫҚ ZOOM-КОНФЕРЕНЦИЯ
Еліміздегі жағдайға орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы өзінің ұжымдық жиналыстарын онлайн режимге көшірген. Онлайн жобалардың бірі - «Кәсіби жедел жәрдем» zoom-конференциясы.. Қашықтықтан қызмет көрсетуге көшкен кітапхана ұжымдық жиналыстары осы форматта өткізуде. Кезекті zoom-конференциясында кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова бөлім басшыларымен байланысқа шығып, сәуір айындағы виртуалды жұмысты қорытындылап, мамыр айының жоспарын нақтылап, басқа да күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Бөлім басшылары өздеріне жүктелген қашықтықтағы тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ, кітапхана басшысы ұжымды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мерекелік ыстық лебіздермен қатар, еліміз оқшауланудан шығып, қазақстандықтардың тезірек қалыпты жұмысқа көшуін тіледі.