ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Сіздердің назарларыңызға Сабырбек Олжабайдың «Ақырзаманның ауруы» кітабын оқуға ұсынамыз.
Өмірдің өзегі – әзіл. Ішінде әзілі, сарайында сықағы бар адам – қоғамның досы. Сабырбек Олжабайдың жазғандарын оқып отырып, ойыңыз он саққа жүгіреді. Оның суреттеуінде біздің арамызда теріс қылық танытып жүргендердің өзі басқаларға жөн – жоба көрсететін «тәлімгер» секілді. Жазб
агер «Мынау қоғам – бізге лайық қоғам. Одан артық ештеңе іздеп таба алмайсың. Сондықтан өкінсең де, күйінсең де одан суынба. Айналаңа қара да өз ауылыңды түзе» деген ой тастайды. Астамшылық пен абыройсыздыққа бастайтын абайсыздықтан сақтандырады.
Шығармагердің тілі жеңіл, оқырманды жалықтырмайды.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.
#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#СабырбекОлжабай