+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Маркиза Базарбайқызының «Әкесін іздеген ұл» деген кітабын оқуға кеңес береміз!

Құрметті оқырмандар!
Маркиза Базарбайқызының «Әкесін іздеген ұл» деген кітабында бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғалары әңгімеге арқау етілген. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін елең еткізері сөзсіз. Қаламгердің шуақ пен мұңға тұнған әңгімелерін оқырман қауымның қызығып оқитынына сенеміз. Жайшылықта көбіміз назар аудара қоймайтын жәйттерге үлкен мән беріп, терең ойға жетелей алатыны анық байқалады. Күнделікті тірліктің таусылмайтын түйткілін шешуге ұмтылған ана, әже, апа, аға, әке бейнелері балақайлардың бірде тәтті, бірде қатты іс-әрекеті арқылы айқынырақ көрінеді. Ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптарымызды балалардың қимыл-қозғалысымен, сан алуан әрекетімен жеңіл де ұғымды жеткізеді. Кітаптың негізгі құндылығы да осында. Кітап балаларға және оның ата-аналарына арналған. Тілі жеңіп, өнегесі мол.

Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1176533

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#МаркизаБазарбайқызы