Фараби – online
Фараби – online
Уәзір біраз уақыттан бері Фарабимен жүздесе алмай жүрген екен. Тіпті, оны ертіп келген адамға марапат тағайындап та қойыпты. Күндердің бір күнінде Фараби уәзірдің үйіне түркі киіммен келеді. Қонақтар мұны келемеждеп күлкіге айналдырып, оны сарайға кіргізген күзетті сөгеді. Біраз уақыттан соң Фараби ішекті апапта ойнап, отырғандардың барлығын терең ұйқыға жібереді. Аспапқа «Әбу Насыр келді, сендер оны күлкіге айналдырдыңдар. Ол сендерді ұйықтатты да жоқ болды» деп жазып кетіпті. Уәзір өмірінің соңына дейін осы оқиғаны ұмыта алмапты.
Кейін музыка аспабындағы бұл жазуды көрген уәзір: «Нығмет құпиясына қол жеткізгенің сол-ақ екен, оның ғайып болғанын білмей де қаласың», – депті. Уәзір Фарабиді қанша іздегенімен оны таба алмапты. Себебі, ол мәжілістен шығып, Дамаскіге жолға шығыпты.
#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#Фарабионлайн
#Бізбіргеміз