+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» атты шығармасын электронды түрде оқуды ұсынамыз!

Қадірменді кітапсүйер қауым!
Сіздерге Қазақстанның белгілі ағартушысы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» атты шығармасын электронды түрде оқуды ұсынамыз!
Бар өмірін, күш-қайратын, ой-санасын, ақылын, бүкіл талант дүниесі жалынын ақтық демі сөнгенше ел-жұртының бақытты болу жолына себін тигізуге жұмсаған Сұлтанмахмұт Торайғыров шын мәнінде бақыты жан. Ақын поэзиясы да өте өміршең поэзия. Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. «Сарыарқаның жаңбыры» кітабы жас ұрпақты елге пайдалы есті азамат болуға үндейтін үлгі-өнегесі мол өлең-дастандарынан құрастырылған. Кітаптағы шығармалардың басты идеясы ақын өлеңдерін туған еліне арнаған.
Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар:
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=136374

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#СұлтанмахмұтТорайғыров