ШУАҚ ШАШҚАН ОҢТҮСТІК!
Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында жалпы жұртшылыққа арналған «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтті. Гала-концерттің ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша астаналықтар мен қонақтарды Конституция күнімен құттықтаған болатын.
Оңтүстік өнерпаздарының концертіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен Қазақстандағы шетел елшілері және қоғам қоғам қайраткерлері қатысты.