+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мен біздің оқырмандарымызға Михаил Шолоховтың «Тынық Дон» кітабын ұсынамын.

Қайырлы күн, құрметті Отандастар!
Мен біздің оқырмандарымызға Михаил Шолоховтың «Тынық Дон» кітабын ұсынамын.
Бұл роман тынық Дон өзенінің жағалауындағы тұрғылықты казактардың шытырманды күреске толы өмірінен көрініс береді. Оқиғалар негізгі кейіпкер Григорий Мелиховтың өмірінің айналасында көрсетіледі. Григорийдің өмірі арқылы жарты ғасырлық Станица казактарының өмір-тіршілігі бейнеленеді. Дон казактарының Октябрь революциясына дейінгі, революциядан кейінгі аласапыран замандағы тағдыр-талайы, халық тіршілігі, қасіреті мен қайғысы баян етіледі.
Сіз осы романды оқығанда, көп эмоция, қуаныш және таңдану сезінесіз.
Егер сіздің үйіңізде бұл кітаптар болмаса, сіздер КазНЭБ сайтына кіріп, электронды түрде оқи аласыз. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Сіздерге қызықты оқуларды тілеймін!

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1112126

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#МихаилШолохов