+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Баубек Бұлқышевтің «Адамзатқа хат» кітабын оқуға шақырамыз!

Құрметті оқырмандар!
Баубек Бұлқышевтің «Адамзатқа хат» кітабын оқуға шақырамыз! Қаламгер Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери әдебиеттің дамуына үлес қосқан өткір тілді, ер жүрек жауынгер жазушы. Әдебиетте жарқ етіп көрініп, көп мұра қалдырған Баубек Бұлқышевтың өмірі аянышты, әрі қызықты. Бұл кітапқа жазушының әңгімелері, очерктері, новелла, публицистикалары, өлеңдері, «Алматы-қалам менің» романы және «Айсұлу» поэмасы енген. Шығарма Ұлы Отан соғысының шындықтары, ерліктері, Отанды, елді, жерді қорғау, ұлттық дәстүрді сақтау, ата-анаға, отбасы, бауыр-туыстық қарым-қатынас туралы ой тастайды. Өмірдің әрбір сәтін қатты бағалап шексіз сүйген Баубек кейіпкері адам бойындағы сезімді дамыта отырып, ғажайып ерліктердің тууына жол ашады. Қазақ сөз өнерінің тарихында Баубек Бұлқышев есімі алтын әріптермен жазылып қалды.
Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=401401
#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#БаубекБұлқышев