+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Құрметті оқырмандар!

Құрметті оқырмандар!
Бауыржан Бабажанұлының «Ниетқабыл» жаңа жинағына негізінен соңғы жылдары жазған жырлары мен баллада - поэмалары еніп отыр.
Өзекжарды өлеңдермен өмірдегінің бәріне өзін жауаптыдай сезінетін беймаза ақын жанын ел, жер, тіл, дін, ұлт тағдыры, ұрпақ қамы шынайы толғанатыны сезіледі. Жинақтағы туындыларға Жаратушы – адам – табиғат - қоғам арасындағы жарасым мен жаңсақтыққа толы күрделі қарым-қатынасты сан қырынан саралай суреттейтін бедерлі тіл мен бейнелі ой тән. Бауыржанның мына жинағы туралы да негізгі айтарым - мұны тек түйсіну, сезіну керек. Бауыржан қазақ өлеңіне өзінің ерекше болмыс-бітімімен, өз үні - өрнегімен келген, түйсік - түсінігі түгел оқырман қапысыз таныған ақын. Бауыржанның өлеңдерінің басты әсері - оны осы қазір ғана өзің жазғандай күй кешесің.
Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1177792

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#БауыржанБабажанұлы