+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Назарларыңызға жас ақын Дәурен Айманбетовтың кітабы «Аяулы адам» атты жыр жинағын ұсынамыз

Құрметті «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырмандары!
Сіздердің назарларыңызға жас ақын Дәурен Айманбетовтың кітабы «Аяулы адам» атты жыр жинағы жүректің нәзік қылын дөп басары сөзсіз. Ақын сары жапыраққа сыр айтып, сарғайған сағынышын жеткізеді. Бір мезет жыр қанатымен жастық жалынына салқын су сеуіп, махаббаттан парасатқа ойысады. Осы аралықта кешкен күйін боямасыз суреттейді.
Жинақта мезгілдер лирикасынан бөлек, әдебиетке өлшеусіз еңбек сіңірген ардақты жандарға мұң шағып, бірін жоқтаса, кейбірімен сырттай сөйлесіп, жоғалып бара жатқан адами құндылықтарды алға тартады. Иә, кітаптың «Аяулы адам» аталуының мән-мағынасы осында.
Ендеше, жас буынның легін бастаған шайырдың жыр жинағын қабыл алыңыздар, қадірлі оқырман
«Отырар» кітапханасының otyrarlib.kz веб-сайтынан жүктеуге немесе ұялы телефоныңыздың, планшетіңіздің экраны арқылы экрандағы QR-кодтан тікелей жүктеп алып оқуларыңызға болады.

#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#ДәуренАйманбетов