Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бірқатар қызметкерлері марапатталды. Кітапхананың директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бөлім және сектор басшылары Асилбекова Гүлмира мен Пернешова Қынагүл «Кітапхана ісінің үздігі» және «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. Ал Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері Рыстанбек Нүркен, Абдамит Жанна, Рысқұлова Шолпанға Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Алғыс хаты тапсырылды. Барлық әріптес марапат иелеріне еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, әрқашан шаңырақтарыңызда шаттық, бақ-береке болсын деп тілейміз.