+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Әбілда Аймақтың «Назқоңыр» өлеңдер мен балладалар жинағын оқуға шақырамыз!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Сіздерді Физули атындағы Халықаралық және Қарауылбек Қазиев атындағы әдеби сыйлықтардың иегері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ақын Әбілда Аймақтың «Назқоңыр» өлеңдер мен балладалар жинағын оқуға шақырамыз!
«Назқоңыр» өлеңдер мен балладалар жинағында ақынның әр кезде жазылған жырлары іріктеліп алынған. Ақындық сүйегіне біткен шайырдың поэзиясы бейнелеп, тұспалдап сөйлеу деңгейіне көтерілген сындарлы поэзия. Ақын өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі – сөздік қоры халыққа өте жағымды, біздің қазақы әдебімізді танытып, өлең мен өмірдің шынайы бейнесін қарапайым, барынша қарапайым жеткізе білетіндігінде. 18 жасынан бастап өлеңге қалам тартқан ақынның «Назқоңыр» өлеңдер мен балладалар жинағы Сіздерді баурап, көңілдеріңізге жылы әсер қалдырады деген сенімдеміз.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.

#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#ӘбілдаАймақ