+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Әмзе Қалмырзаұлы Көктәндінің «Адуын ағыстар» кітабын оқуға ұсынамыз.

ҚАДІРМЕНДІ КІТАП СҮЙЕР ҚАУЫМ!

Сіздердің назарларыңызға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мақтарал, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы Әмзе Қалмырзаұлы Көктәндінің «Адуын ағыстар» кітабын оқуға ұсынамыз.
Бұл поэма және өлеңдер жинағында ақын әлемдік құбылыстардың тоғысына тура келген біздің заманымыз бен бұралаңы көп ежелгі тарихымызды салыстыра отырып, адамзат баласын ынтымақ-бірлікке шақырады. Кітапта пәлсаналық ой ағыстар және қоғамдық құбылыстарға деген тұжырым-көзқарастар да тосындылығымен оқшауланады. Сондай – ақ, сананың толғаныс - көрігінде балқып, туған айшықты афоризмдер, тұрақты сөз тіркесіне айналамын деп қанат қомдаған ойлы сөйлемдер де, екпінді өлең жолдарында жиі кездеседі.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.

#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#ӘмзеҚалмырзаұлыКөктәнді