+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мархабат Байғұттың «Бұла бұлақ» кітабын оқуға шақырамыз.

ҚҰРМЕТТІ КІТАП СҮЙЕР ҚАУЫМ!

Сіздерді жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазіргі қазақ прозасындағы әңгіме жанрының шебері Мархабат Байғұттың «Бұла бұлақ» кітабын оқуға шақырамыз.
Қаламгердің бұл әңгімелер жинағына кейінгі жылдары жазылған әңгімелері енгізілген. Әңгімелерінің барлығы дерлік - жаңа заман және оның алуан түрлі адамдары туралы тың да тосын ізденістерден, өмірдің өз өрнектерінен туындаған дүниелер. Жазушының өзіне ғана тән тілі мен стилі, әсіресе, әзілі мен ирониялық юморы кез келген көзі қарақты оқырманды тәнті етері сөзсіз. Сондықтан да сіздерге ерекше əсер сыйлайтын Мархабат Байғұттың кітабын оқуға кеңес береміз.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.

#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#МархабатБайғұт