+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Тұрсынай Оразбаеваның «Ғашық әнім» атты кітабын оқуға ұсынамыз

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

Сіздердің назарларыңызға белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» және А. Фадеев атындағы сыйлықтарының лауреаты, Саха (Якутия) Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрсынай Оразбаеваның «Ғашық әнім» атты кітабын оқуға ұсынамыз.
Автор бұл кітабында өрелі де батыл, салиқалы азаматтық жырларын ұсынады. Жаңа қоғамның сәтті де сәтсіз аяқ басқаны, бүгінгі адамзат тағдыры жайлы сыр толғайды. Егеменді ел болғанымызды асқақ жырлай отырып, азаттығы мен азап күні қатар жалғасқан отандастарымыз – ел-жұрт жайлы жанашыр жыр төгеді. Ақынның нәзік те назды жырлары Сіздердің көңілдеріңізді баурап, жүректеріңізді елжірететіні сөзсіз.
Кітапты ұялы телефоныңыз арқылы экрандағы QR-кодтан жүктеп алып, оқуларыңызға болады.

#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#ТұрсынайОразбаева