"Бәдіздеу"
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер бөлімінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында қолөнер шебері К.Ибрагимова оқырмандарға "бәдіздеу" атты қолөнер түрі жайында шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шараға қатысқан жастар аталмыш қолөнер түрінің ерекшелігі мен қыр-сырлары туралы мәліметтер алып, қызығушылық танытты. Бабалардан мирас болып қалған ұлы мұраның қадір-қасиетімен жете танысып, аталмыш өнердің ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып сақталу жолында өскелең ұрпақтың ерен үлесінің маңыздылығы сөз етілді.