+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Күлия Айдарбекованың «Әкеге құрмет» және «Анаға тағызым» кітаптарын оқуға ұсынамыз

Сіздердің назарларыңызға Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, мәдениет қайраткері, журналист, жазушы Күлия Айдарбекованың «Әкеге құрмет» және «Анаға тағызым» кітаптарын оқуға ұсынамыз.
Қаламгердің «Әкеге құрмет» кітабы тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасында өз айтары бар, ұлттық идеяны танытатын шығарма, кітап ата-ана мен перзент арасындағы қырым-қатынастардың тәрбиелік мәнін ашып, оқырман жүрегіне ізгілік дәнін себеді.
Ал, «Анаға тағзым» кітабында қазақ әйеліне тән асыл қасиеттерді, ұлттық болмыс пен өнегені бойына жинаған аяулы Анасы Қарлыға Мұстафақызының өмір жолындағы ғибратты сәттері жазылған. Бәрі де сағыныштан, Анаға деген бұла сезімнен, оның ыстық құшағына қайта енуді аңсаған бала көңілден, перзенттік махабаттан басталады.
Кітаптың әрбір отбасына берер тәлім-тәрбиелік мәні ерекше. Тілі жаттық, сюжеттері шымыр бұл туынды көпшілік оқырман Сіздің жүрегіңізден орыналары сөзсіз.
Сіздің ұялы телефоныңыздың, планшетіңіздің экраны арқылы экрандағы QR-кодтан тікелей жүктесеңіз де болады.

#Отыраркітапханасы
#Шымкент
#QRкітапхана
#Бізбіргеміз
#КүлияАйдарбекова