«Алуан-алуан жүйрік бар» кітабын оқуға шақырамыз
ҚҰРМЕТТІ КІТАП СҮЙЕР ҚАУЫМ!
Сіздерді Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Байдулла Қонысбектің «Алуан-алуан жүйрік бар» кітабын оқуға шақырамыз. Автордың бұл кітапты «Алуан-алуан жүйрік бар» деп атауының үлкен мәні бар. Себебі кітаптағы қаһармандардың бәрі еліміздің өркендеп, өсуіне еңбек сіңірген тұлғалар. Олардың әрқайсысының өмір жолымен, алған асуларымен, елеулі еңбектерімен кітапты оқи отырып танысасыз. Шын мәнінде олардың халқына сіңірген еңбегіне риза боласыз. Оның ішінен өзіңізге жақын адамыңызды, туысыңызды, әріптесіңізді де табуыңыз мүмкін.
Кітап көпшілік оқырманға арналған. Оқып шығыңыз, өкінбейсіз.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.