+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сіздерге Уәлихан Қалижановтың ғылыми мақалалары мен эсселерін қамтитын «Ойкөз» кітабының электронды нұсқасын оқуды ұсынамыз!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!
Сіздерге Уәлихан Қалижановтың ғылыми мақалалары мен эсселерін қамтитын «Ойкөз» кітабының электронды нұсқасын оқуды ұсынамыз!
Қазақ әдебиеттану ғылымында әу бастан індетіп келе жатқан белгілі бір тақырыбы бар ғалым – Уәлихан Қалижанов. Баспадан шыққан «Ойкөз» атты әдеби зерттеулер жинағы – осы ғылыми ізденістердің заңды жалғасы.
«Ойкөз» – ұлттың қасиетті қарасөзінің арналары мен ағыстарын жіті бақылаған сарабдал зерде. Әдеби өмірдегі әр құбылысқа дер кезінде өзінше баға беруге ұмтылған сергек көңіл. Кітаптың атауының өзі ілгерідегіні қайталамайтын соны бітімімен, бай мазмұнымен ерекшеленеді. Ендеше сіздерді қазақ әдебиеті тарихының күнгейі мен көлеңкесі, тарихи тұлғалар туралы тың деректерді оқуға шақырамыз.