ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Ағарту жұмысы басқармасының басшысы Мұсабекова Гүлжан Есенқызы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Мергенбаева Меруеттің және кітапханашылардың қатысуымен "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді және сұрақ-жауап алмасып, ой-пікірлермен бөлісіп, қызу талқыға түсті.