+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сіздерді жазушы-журналист Жеңіс Баһадүрдің «Үңгірден шыққан адам» атты хикаяттар, әңгімелер, новеллалар жинағын оқуға шақырамыз!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
Сіздерді жазушы-журналист Жеңіс Баһадүрдің «Үңгірден шыққан адам» атты хикаяттар, әңгімелер, новеллалар жинағын оқуға шақырамыз!
Бұл кітапқа жазушының мерзімді басылымдарда жарияланған, бұрынғы кітаптарынан алынған және кейінгі жылдары жазылған 50-ге тарта әңгімелері, новеллалары және хикаяттары топтастырылған.
Қаламгердің кітабындағы туындылары алуан-алуан тақырыптарды қамтиды, онда кейіпкерлердің тыныс-тіршілігі, арман-мақсаттары, қилы тағдырлары және олардың жан-дүниесіндегі түрлі жайларға қатысты туындаған құбылыстар шебер суреттелген. Сондай – ақ бүгінде адамзаттан рахым күткен табиғат туралы толғаныстары да адамдарды қоршаған ортаға қамқор болып, оны сақтауға үндейді. Автордың өрнекті тілі оқырманын еріксіз баурап алады.
Кітаптың электронды нұсқасын экрандағы QR-код арқылы жүктеп алып, оқуларыңызға болады.