Құрметті желідегі достарымыз және оқырмандарымыз! Фараби – online жобасы аясында көрнекті фарабитанушылар туралы да мәлімет беруді қолға алдық. Алғаш кітапханамыздың жақын досы, жанашыры, көрнекті фарабитанушы, өлкетанушы, этнолог, әдебиетганушы Абдулла Жұмашевтың сұхбатын ұсынамыз. Абдулла аға өзі негізін қалаған «Руханият – Әбу Нәсір әл – Фараби мұражайының директоры болып қызмет істеді. Ол "Қызыл жырау" , "Отырар жәдігерлері", "Тәушен", "Отырар жәдігерлері" атты кітаптарды құрастырған, мерзімді баспасөзде, жеке жинақтарда 100-ден астам мақалалары жарияланған. «Ұлы даланың астаналары» (1998), «Әбу Нәсір әл-Фараби», «Ұлы Жібек жолы» (Жапония), «Шәмші», «Майлықожа» т.б. көптеген ғылыми-көпшілік кинофильмдер мен телефильмдерге ғылыми танымдық ақпаратты деректер берді.
Абдулла Жұмашевтың ұсынысымен ұлы энциклопедист ғалым Әбу Нәсір әл – Фарабидің мұрасы бойынша халықаралық ғылыми – практикалық конференциялар өткізіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында атақты Сирия сапары жүзеге асты (2006). Абдулла Жұмашов Сирияға екі рет барып (2006, 2008) Әбу Нәсір әл – Фараби бабамыздың құнды жәдігерлерін елге жеткізді және оның Дамаскідегі музейінің жобасын, тақырыптық-экспозициялық жоспарын жасауға қатысты (2008) және экспозициясын жасақтауға көмектесті.
#Отыраркітапханасы
#Фарабионлайн
#Bizbirgemiz
#Шымкент