Еліміздегі жағдайға орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы көптеген виртуалды жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі «Кәсіби жедел жәрдем» zoom-конференциясы. Қашықтықтан қызмет көрсетуге көшкен кітапхана кәсіби сабақтарын да осы форматта өткізуде. Алғашқы zoom-конференциясыны директор орынбасары Гүлмира Батырбайқызы Алпысбаева жүргізіп, кітапхананың виртуалды жобалары туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, көп әріптестерді толғандырып жүрген мәселе оқырмандардан қайтқан кітаптарды қалай қабылдаймыз деген сұрақ бойынша әдістемелік кеңес берді. Шұғыл кітап қабылдау қажет болған жағдайда кітапхананың ультрафиолетті камерасында кітаптарды залалсыздандыру жайын тәжірибе жүзінде көрсетті. #Бізбіргеміз #Шымкент #Отыраркітапханасы #КӘСІБИZOOMКОНФЕРЕНЦИЯ