+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

КӘСІБИ ZOOM-КОНФЕРЕНЦИЯ

Еліміздегі жағдайға орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы көптеген виртуалды жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі «Кәсіби жедел жәрдем» zoom-конференциясы. Қашықтықтан қызмет көрсетуге көшкен кітапхана ұжымдық жиналыстары мен кәсіби сабақтарын осы форматта өткізуде.
Бұл жолғы zoom-конференциясын кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаппаркулова жүргізіп, кітапхананың карнатин жағдайындағы жұмыс ерекшеліктеріне тоқталып, онлайн жұмыстарды нақтылап, басқа да күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Бөлім басшылары өздеріне жүктелген қашқтықтағы тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде әңгімеледі.
#Бізбіргеміз
#Шымкент
#Отыраркітапханасы
#КӘСІБИZOOMКОНФЕРЕНЦИЯ