+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ҚАШЫҚТАН КІТАП ОҚУ МҮМКІНДІГІ!!!

Құрметті көпшілік, қымбатты кітапханамыздың оқырмандары!
Әлемдегі соңғы оқиғалар барлығымыздың күнделікті өмірімізге өз әсерін тигізуде. Соның бірі мүмкіндігінше қоғамдық орындарда болмау, мейілінше зәру емес жағдайларда тікелей қарым-қатынасты азайту шаралары. Мұның бәрі «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей дұрыс көзқарас, рационалды ұстаным.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы осынау мәжбүрлі оқшаулану уақытын тиімді пайдаланып, рухани дамуға бетбұрыс жасап, көркем кітап оқуға шақырады. Бұл үшін үйден шықпай-ақ, қашықтықтан оқуға мүмкіндігіңіз бар екенін хабарлаймыз. Сіздің «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы белсене атсалысқан жобалар - КазНЭБ (Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханадан) Кazneb.kz және Кітap.КZ ашық кітапханасынан онлайн кітаптар оқуыңызға болады. Сондай-ақ, «Отырар» кітапханасының веб-сайтынан otyrarlib.kz жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын ұялы телефоныңызға немесе компьютер, ноутбук, планшетіңізге жүктеп оқуыңызға болады. Бұл QR-мобильді кітапханаға (кью-ар) қол жеткізу үшін өз ұялы телефоныңызға немесе басқа да құрылғыңызға интернеттен тегін QR-ридер қосымшасын жүктеп алыңыз да, телефон экранын ұнаған кітабыңыздың тұсындағы QR-штрихкодқа бағыттаңыз. Енді ұнаған кітабыңызды ұялы телефоннан немесе басқа да құрылғыдан оқи беріңіз.
Көркем әдебиет арқылы бүкіл әлеммен бірге болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Оқыған кітабыңызбен бөлісе отырыңыз!