+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Біздің күшіміз – бірлікте!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сын сағатта елге қолдау көрсетіп, халықты бірлікке, ынтымаққа, сақтыққа және бос үрейге бой алдырмауға шақырған үндеуін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы зор ынтамен тыңдады.
«Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі» деген Ұлт көшбасшысы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін өз пәрменімен «Nur Otan» партиясының төрағасы ретінде партия жобалары аясында 150 миллион теңге бөлуге ықпал еткені, сондай-ақ, Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион теңге бөлдіріп, қолдау көрсеткені баршаға аян. «Кемедегінің жаны бір» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қиын-қыстау кезде елмен бірге болғанын, әрбір отандасымызды, әрбір азаматты өзінің қолынан келетін үлесін қосуға шақырғанын кемел көшбасшыға тән қасиет деп бағалаймыз.
Біздің күшіміз – бірлікте!
#Біз_біргеміз