+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мырзахмет Мекемтастың «Абайтану» кітабын «Отырар» кітапханасының otyrarlib.kz веб-сайтынан жүктеп алып оқуға шақырамыз.

Құрметті «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырмандары!
Сіздердің назарларыңызға Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызымет» халықаралық сыйлығының иегері. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзахмет Мекемтастың «Абайтану» кітабын «Отырар» кітапханасының otyrarlib.kz веб-сайтынан жүктеп алып оқуға шақырамыз.
Экрандағы QR-кодтан тікелей жүктесеңіз де болады.

Бұл еңбектің басты мақсаты - Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы жайлы басталған игі істі жалғастырып, толықтыру.
Автор бұл еңбегін үш кезеңге бөле қарастырып, жинақтаған. Бірінші тарауы "Абайтанудың алғашқы қадамы» деп алынған. Яғни, тарауда кеңестік билік кезеңіндегі абайтану тарихы баяндалады. Ал "Абайтанудағы М. Әуезов дәуірі» деп аталатын екінші тарау абайтанудың негізін салған ғылыми-творчествалық еңбегіне талдаулар жасай отырып, қарастырылған. Үшінші тарау "Абайтанудың М. Әуезовтен кейінгі кезеңі», яғни 1961-2014 жылдар аралығындағы жарты ғасырлық мерзім ішінде басылым көрген Абайтану тарихынан жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерді қамтиды.
Кітап оқып, рухани бай болыңыздар!