+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ, АБАЙДЫ ОҚЫ!

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Ақерке" балалар залында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 172 жыл толуына орай "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы" атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында ұлы ақынның біршама ойға түйер өлеңдері оқылып, сөнбес шығармалары талқыланып, кітап көрмесі қойылды. Арнайы қонақ болып балалар залының тұрақты оқырманы Пернекүл әжейіміз немересімен кешке қатысып, 4 жасар немересі Ардақ Абай Құнанбайұлының 10 өлеңін жатқа айтты.