+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Сыр кітабы» және «Жыр кітабы» атты екі томдық кітаптарын оқуға шақырамыз

Сіздерді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Ханбибі Есенқарақызының «Сыр кітабы» және «Жыр кітабы» атты екі томдық кітаптарын оқуға шақырамыз!

Ханбибі Есенқарақызының «Жыр кітабында» - поэзия есігін ақын қыз болып аттап, содан ақын апа, Хан – апа атанғанға дейінгі күндерін – түндерге, айларын жылдарға ұластырған отыз жылдық еңбегінің жемісі берілген болса, ақынның «Сыр кітабы» екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде Ханбибі Есенқарақызы жазушы, қазақ батыры Б.Момышұлы, ақындар Т.Айбергенов, Ф.Оңғарсынова туралы естелік-эссе, деректі повесть, әңгімелер жазып өзінің үлкен ойлы жазушы екенін мойындатса, екінші бөлімінде елі мен жерінің ертеңі үшін күйінетінін, күйзелетінін және күресе білетін қайраткер екенін көрсеткен.
Кітаппен тереңірек танысамын десеңіз кітапты экрандағы шртих код арқылы жүктеп алуларыңызға болады.