+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, п.ғ.д., профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы қызметтік іссапармен келді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, п.ғ.д., профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева мен Пайдаланушыларға қызмет көрсету және идеология бойынша бірінші орынбасар Алия Мамбайқызы Кожабекова «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы қызметтік іссапармен келді.
Республикамыздың бас ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын Ұлттық академиялық кітапханасының басшылары жаңа мегаполистің ірі мәдени, рухани ошағы - «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының
жай-күйімен, тыныс-тіршілігімен танысып, кітапхана қызметкерлерімен еркін форматта басқосу өткізіп, ашық әңгіме өрбіді. Іскер, білікті, тәжірибелі кәсіпқой мамандар ретінде Үмітхан Дәуренбекқызы мен Алия Мамбайқызы «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің барлық кәсіби тұрғыдағы сұрақтарына жауап беріп, заманауи кітапханалық, ақпараттық қызмет бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Кітапхана директоры, ф.ғ.к., ақын Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген әріптестерімізге өз алғысын жеткізді. Өз кезегінде қонақтарымыз жаңа басшыға ғалым ретінде кітапхананың өркендету жолында сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Ұлттық академиялық кітапханасының басшылары аймақтағы кітапхана басшыларымен де кездесіп, кітапхана саласының дамуы туралы әңгімелесті.