+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЕСІМІ ЕҢБЕГІМЕН АРДАҚТЫ

Өмірде қазақ жұртының көсегесін көгертіп, өрісін кеңейтуде рухани күш салған, өзінің еңбекқорлық, биік парасат пайымы арқылы әдебиет сүйер қауымның ықыласына бөленген жазушы-драматург Еркінбек Тұрысов бекзаттық пен тектіліктің ерен үлгісіндей еді.
Бүгінде зиялы қауым мен кітап сүйер қауым жазушының ізгілікке толы қасиеттерін әңгімелеп, еске аламыз.
"Отырар" қалалық кітапханасындағы жазушы Тұрысов атындағы музей-кабинетте жазушының қолданыстағы заттары, қолжазбалары мен әдеби мұрасы сақталғаны оқырманға жақсы таныс.
Шығармашылығы сұранысқа ие қаламгердің, әсіресе, «Келіншектау», «Ақбақай», «Қыран тауы», «Құралай жолы», «Түндер сазы» атты кітаптары, Қазақ елінің бірлігін сақтап, біртұтас іргелі халық болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген би, әрі шешен, әрі батыр, қайраткер Бәйдібек би Қарашаұлы жайлы тарихи деректерге негізделген аңыз әңгімелері мен хикаяттары, ұлы тарихи тұлғалар Шыңғыс хан, Ақсақ Темір жайлы хикаяттарын аса қызығушылықпен оқырман іздеп, музей-кабинетке бас сұғады.

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын бөлім