«Еркіндікке құштарлық»
Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында көрнекті жазушы, журналист Жәлел Кеттебектің 75 жылдығына арналған «Еркіндікке құштарлық» атты еске алу кеші өтті.
Кеш жүргізушісі Қазақстаннның «Құрметті журналисі», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт.
Шара барысында журналист, Ж.Кеттебектің әріптесі О.Суханберді, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы, ф.ғ.к. Т.Омаров, жазушы Е.Тоқтасын, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бір топ журналистері және зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, қалың оқырман қауым көрнекті жазушының шығармаларын талқылап, мерейлі жылы көркем әдебиет пен журналистикада өз жолы, өз қолтаңбасы, ізі бар авторды еске алды.
Сондай-ақ «Еркіндікке құштарлық» атты тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.