+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Мәртебелі поэзия мінберінің»

Бүгінгі «Мәртебелі поэзия мінбері» Қазақстан Жазушылар мен журналистер одағының мүшесі, Еуразиялық шығармашылық Гильдиясының мүшесі Шамшия Жұбатованың шығармашылығына арналды.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Шарафиева Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Мамытбековтың құрметті грамотасымен марапаттап, «Мәртебелі поэзия мінберінің» құрметті қонағы болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз! Сізге бақытты ғұмыр, отбасының амандығын тілейміз деп-, ізгі тілегін білдірді.
«Парасат» орденнің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сапар Өтемісов Абай Құнанбаевтың монологын орындады. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың жырлары жатқа айтылып, «Татьянаның хаты», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» атты әндері орындалды.
Жазушы Мархабат Байғұт, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасова Шамшия Жұбатованың шығармашылығына тоқталды. Шымкент университетінің студенттері жазушының жырларын жатқа орындады.
Белсенді қатысқан оқушылар мен студенттер алғыс хатпен марапатталды.